Бейсенбі, 29 шiлде, 14:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59 (1761)
26.07.2021
PDF мұрағаты

Тасбөгетте жаңа насос қондырғысы іске қосылды

14.06.2021

1093 0

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев кент ақсақалдарымен бірге жаңадан орнатылған аяқ су айдау насосын іске қосты. 

Тасбөгет кентіндегі жаңа насос қондырғысын орнатуға облыстық мәслихат депутаты Сандыбаев Бауыржан Тұрсымбайұлы демеушілік жасады. Кент аумағын аяқ сумен қамту мақсатында салынып жатқан бұл 3-ші қондырғы болатын. Бұдан бөлек 2 су айдау насосы тұрақты жұмыс істеп, 17 көшені қамтып отыр. Жаңа қондырғы Е.Бозғұлов көшесі бойындағы көпқабатты үйлер ауласын, облыстық балалар ауруханасы, сондай-ақ облыстық  «Дарын» мектеп-интернаты аумағын қамтитын болады.

Игі жұмыстарды көпке үлгі екенін тілге тиек еткен                       Ғанибек Қонысбекұлы Бауыржан Тұрсымбайұлына алғысын айтып, мұндай жұмыстар әлі де жалғасын табатынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: