Жексенбі, 09 ақпан, 13:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10,2123
08.02.2025
PDF мұрағаты

Жол сапасына ерекше жауапкершілік жүктеледі

05.02.2025

176 0

Кеше облыс әкімінің мәжілісінен кейін қала әкімі Нұржан Ахатов арнайы жиын өткізіп, жол сапасына қатысты мәселелерге талқылау жасады.

– Өздеріңізге белгілі, өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен қаладағы жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамыды. Бөлінген қаражаттарға жол құрылыстары жүргізіліп, қайта жаңғыртылды. Көшелер күрделі және орташа жөндеуден өтті. Осылайша тұрғындарымыздың қолайлы өмір сүруіне қажетті жағдай жасалды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табады. Біздің міндет – салынған және алдағы уақытта жөнделетін жолдарымыздың сапасын қатаң бақылауға алуымыз қажет, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиында шаһар басшысы жоспарланған және алдағы уақытта құрылысы басталатын жобалардың сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтуді тиісті сала жетекшілеріне қатаң тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: