Бейсенбі, 11 тамыз, 07:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (1868)
09.08.2022
PDF мұрағаты

Жыл соңына дейін 97 нысан пайдалануға берілмек

04.08.2022

287 0

Биыл облыста 108 нысанның  құрылысы салынуда. Ал жыл аяғына дейін 97 нысан пайдалануға берілмек. Бүгінде 6 нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, халық игіліне табысталды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев хабарлады.

-Аймақта жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жоспар бойынша орындалуда. Биыл өңірде 108 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, білім саласы бойынша – 12 нысан, денсаулық сақтау саласы бойынша – 6 нысан, мәдениет саласында – 8 нысан, спорт саласында – 17 нысан, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында – 3 нысан және неке сарайының құрылыс жұмыстары қарқын алды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ауданы – 95,0 мың шаршы метрді құрайтын 31 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл аяғына дейін тұрғындарға берілмек. Жалпы алты айдың қорытындысымен облыста салынып жатқан құрылыс жұмыстарының көлемі 127,4 пайызды құрап отыр. Одан бөлек, әлеуметтік тұрғыдағы 16 нысанның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, оның 6-ы сараптама қарауында, – деді басқарма басшысы Ерлан Төрәлиев.

Айта кетейік, жыл соңына дейін 227,7 шақырымды құрайтын инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, электр желісі – 114,6 шақырым, ауыз су желісі – 86,1 шақырым, газ желісі – 17,4 шақырым, жылу желісі – 9,6 шақырым.

Тағы да оқыңыз: