Сейсенбі, 16 сәуiр, 23:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жылдың үздік жас оқырманы анықталды

05.12.2022

1365 0

Қызылорда қаласында Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылықпен айналысуға бейімдеу мақсатында жыл бойы «Жылдың үздік оқырманы» жобасы жүзеге асырылды.

Аталған жоба аясында «Менің оқыған кітабым» кітап талдау, «Сүйікті кітаптар ізімен» әдеби оқулар, «Кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» акциясы, «Тіл маржанын теремін» поэзия сағаты ұйымдастырылды.

Жыл соңында осыған орай облыстық кітапханада аталмыш жобаның қорытындылау «Кітап менің өмірімде» атты эссе байқауымен өз мәресіне жетті. Бұл рузани кешке қаладағы 47 мектептің оқушылары белсене қатысты. Эссе байқауының қорытынды нәтижесі бойынша бас жүлдеге Б.Ибайдулла, бірінші орынға А.Канибай, екінші орынға А.Жалғасбай, Н.Дімберген, Н.Сарыбай, үшінші орынға С.Абай, Ж.Бағдатқызы, Е.Амангелдиевалар лайықты деп танылды.

Ал, «Жылдың үздік оқырманы» жобасының қорытындысы бойынша Ерсұлтан Еңлік «Жыл оқырманы», Қайрош Нұрсұлтан «Қазақ классикасын оқудағы үздік оқырман», Абдужамалова Бақдана «Шетел әдебиетін оқудағы үздік оқырман», Төлеп Жансая «Көркем сөздің шебер», Сармырзаев Ержігіт «Кітапхананың белсенді оқырманы» номинацияларымен мараппатталып, диплом мен алғыс хаттар табысталды.

Әрине, мұндай шаралар жыл сайын жас өрендерді кітап оқуға баулу мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Дегенмен, биыл Балалар жылына орай ерекше өткізілді. Сондай-ақ, осы жылы  қатысушылардыңда қарасы қалың болды. Бұл әрине, кітап сүйер, кітапқа қызығар балалардың көп екенін аңғартады.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: