Бейсенбі, 18 шiлде, 12:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Ақтау мен Жаңаөзен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

22.06.2024

430 0

Сурет:massaget.kz

Жаңаөзен – Ақтау арасындағы тасжолда жол апаты болып, адам өлімі тіркелді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласына таяу маңдағы жолдың ұшақ қонатын аумағында тіркелген. Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерде оқиға кезінде Lexus GS300 көлігінің жол ортасын бөліп тұрған темір жиекке қатты жылдамдықпен соғылғанын аңғаруға болады.

Сонымен бірге көлікте болған екі адамның қозғалыссыз жатқаны анық байқалады.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Полицейлер жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жолда абай болуға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: