Достық үйінде Халықаралық ана тілі күніне орай Ашық есік күні өтті. Оған облыстық этномәдени бірлестіктер, жалпы білім беретін мекемелер және БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков ашып, киелі шаңырақтың 5 жылдық тарихы жайлы және алдағы Алғыс айту күніне арналған ауқымды шаралар жөнінде айтып өтті.
Ашық есік күн аясында оқушылар Достық үйінің техникалық базасы, мұражай, кітапхана, мәжіліс залы, концерт залы, медиация, тілдерді оқыту кабинеті және «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабына арналған кабинеттері және хореография студиясымен танысты.
Сонымен бірге неміс, шешен, славян, татар, корей өзбек этномәдени бірлестігінің орталығына барып, бірлестік жайлы, олардың мәдени мұралары мен жәдігерлері туралы ақпар алып, өзара пікір алмасты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!