Достық үйінің мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков аудандағы этносаралық сарапшылармен кездесу өткізді. Кездесуге мекеме директорының орынбасары Мартана Дәулетбаева, бөлім басшылар, сектор меңгерушілері және аудандық 7 сарапшы қатысты.
Мекеме директоры Б. Мастеков ең біріншіден әр аудандағы этносаралық ахуал мәселесімен танысып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді басты назарға алды.
Сонымен бірге Ассамблея жұмысын үйлестіруші «Қоғамдық келісім» мекемесінің Медиация, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, Волонтерлік пен ғылыми-ағартушылық бағытындағы және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды, осы негіздегі жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Аудандағы этносаралық сарапшылар алға қойылған мақсат-міндеттердің маңыздылығын ескере отырып өткен жылғы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!