Сейсенбі, 26 мамыр, 12:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Балалардың жазғы демалысын жақсы ұйымдастырған өңірлер аталды

26.05.2026

96 0

Фото: Мұхтар Холдорбеков / Kazinform

Биылғы жазда 11 135 демалыс орталығы жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Жалпы алғанда биылғы жазда 11 135 демалыс орталығы жұмыс істеп, 3 млн 200 мың бала демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады. Соның ішінде 44 мыңнан астам бала жыл бойы жұмыс істейтін 20 орталықта, 168 мың бала – 187 маусымдық орталықта, 2 млн 990 мың бала – 10 928 мектеп және мектептен тыс ұйымдар жанындағы демалыс орталықтарында демалады, – деді Ж. Сүлейменова.

Оның айтуынша, қамту көрсеткіші Павлодар, Қызылорда, Абай, Ақтөбе облыстарында, Астана, Алматы қалаларында жоғары.

– Республикалық «Балдәурен», «Бөбек» орталықтарында халықаралық, республикалық пәндік және IT-олимпиадалардың, шығармашылық және спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатарынан 5 мың бала сауықтыру және дамыту шараларына қатысады. Ал өңірлерде осындай қолдау 370 мың дарынды балаға ұйымдастырылады, – дедің министр.

Сонымен бірге:

– тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 729 мың бала,

– ерекше білім беруді қажет ететін 52 700 бала,

– педагогикалық назарды қажет ететін 17 100 бала демалыспен қамтылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: