Бейсенбі, 25 сәуiр, 01:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бір той өтті у-шу боп

19.11.2022

663 0

Қиқу-қиқу,

Той басталды у-шу боп.

Мағыналы сәтінен,

Ду-ду күлкі, у-шу көп.

Ұл-қыз үшін аянбай,

Барын шашқан дәулеттің.

Той бастайды ақсақал,

Үлкені боп әулеттің.

Содан соң қызық басталар,

Түрлі ой бар баста әр.

Тағдыр қосып қыз-жігіт,

Жәудірейді жас жанар.

Аңдығаны арақ боп,

Аға жүрер қымбатты.

Ал, інінің ойында,

Құдаша тұр сымбатты.

Мас болады ағасы,

Тыңдамайды жеңгейді.

Келсе де әке-анасы,

Бағынбайды, көнбейді.

Жыртылғанша жағасы,

Жағаласар әркіммен.

Мас болған соң әл құрып,

Жейді таяқ әркімнен.

Бір қонақтың ойында,

Қатыны тұр біреудің.

Бірге болып жиында,

Танысып еді әнеукүн.

Бойжеткен де бұраңдап,

Шыға келді сылаңдап.

Неше түрлі шаш үлгі,

Беттерін қалың бояп ап.

Шаршамайтын қиқудан,

Асаба да мәз-мейрам.

Той емес шоу етем деп,

Өнерді салды бар жиған.

Кей қонағың мінеп тұр,

Мінезі көкті тіреп тұр.

Бір қонағың сынап тұр,

Той біткен де сынақ бір.

Кімге мін артайын,

Кімге кінә тағайын.

Көп тойымыз осылай,

Өтіп жатыр, ағайын…

Жөндемесек болмайды,

Жөнделмесек ол – қайғы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: