Сенбі, 21 желтоқсан, 20:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Біреудің қалдығына қалай үйлендің?»: Хиджабтағы сексолог

25.07.2023

1434 0

Хиджаб киген сексолог-психолог Алина Шадинова өміріндегі жағдайлар осы салаға келуіне әсер еткенін Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты. Айтуынша, оның отбасылық өмірінде алғашында қиындықтар көп болған.

Алина Шадинова алғаш рет 18 жасында отауласқан. Алайда ұлын босанғаннан кейін жұбайымен келіспей, екіге ажыраған. Араға екі жыл салып, қазіргі жарымен танысқан. Айтуынша, олар екі рет кездесіп, үйленуге бел буған.

Шадинова алғашында бәрі керемет болып көрінгенімен, кейін оның бұрын тұрмыста болғанын бетке басып, оған енесі күн көрсетпегенін айтты.

“Үстел басында отырған кезде енем күйеуіме қарап, “біреудің қалдығына қалай үйленгенсің?!” дейтін. Сол кезде ол мені қорғамай, үнсіз басын изеп, келісетін. Өзімді қоярға жер таппайтынмын”, – деді сексолог.

Айтуынша, алғашында ұлымен бірге тұруға ықылас білдіргенімен, кейін үлкен ұлымен кездесуге де рұқсат бермеген.

“Олар маған “өзің бірінші бізге сіңіс, сосын алып келесің” деді. Осы кезде бәрін тастап кеткім келді, бірақ той, ұзату болып қойғаннан кейін тағы ажырасуға дәтім бармады. Шыдадым. Ұлыма әке керек деп жүргенімде анасынан да айырылды. 5-сыныпқа дейін ол менің ата-анаммен тұрды”, – деді әйел.

Екі жұптың арасында ұрыс-керіс көбейе берген. 

“Оның өлең шығарған қағаздарын тауып алдым. Бұрынғы ғашығына арнапты. “Маған неге өлең жазбайсың” дегенімде, “сен мені шабыттандырмайсың, сен “таза” болған жоқсың” деп менің комплексімді одан сайын көбейте берді”, – дейді ол.

Өзінің өткенін кемшілік санаған ол интимді гимнастиканы зерттей бастаған. Айтуынша, осыдан кейін өзін қабылдап, өзін-өзі бағалауы да арта түскен. Ол бақытты біреуден емес, өзінен іздеу керегін айтты.

Ақпарат көзі: Stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: