Бейсенбі, 18 шiлде, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Депутат әр балаға 70 мың теңге төлеуді ұсынды

20.06.2024

383 0

Сурет:Н.Нұржаубай

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде депутат Гауһар Танашева Қазақстанда әр балаға 70 мың теңгеден төлеуді ұсынды.

«Неге Қазақстанда бала тууды ынталандырмасқа? Бұл болашақта көпбалалы отбасы бола алатын жастарға бағытталуы керек. Келешекте қорықпай балалы болуы үшін оларды тұрғын үймен қамту (керек – ред. ескертпесі). Өзім былтыр депутат болып сайланғанда әр балаға 70 мың теңгеден төлеуді ұсынғанмын. Бұл сома ең төменгі жалақыға тең болды. Мұны мен 2023 жылы ұсынған едім. Әрине, бұл сома да жеткіліксіз. Бала санына қарамастан, көпбалалы отбасы ма, көпбалалы отбасы емес пе, отбасындағы бір балаға – 70 мың. Бір балаңыз бар ма? Сізге 70 мың теңге. Өйткені сіз осы Отанға қызмет ететін, оны қорғайтын, осында жұмыс істейтін, салық төлейтін, елімізді дамытатын Қазақстан азаматын дүниеге әкелдіңіз. Сондықтан біз әрбір адамды бағалай білуіміз керек», – деді депутат Гаухар Танашева.

Спикерге «Мұндай норманы қандай да бір нақты заң жобасына енгізу жоспарланып отырған жоқ па?» деген сұрақ қойылды. Гаухар Танашева заң жобасын әзірлеу және енгізу оңай емес екенін айтып, қандай да бір түзетулер енгізіліп, қорытындыға жіберілгенін атап өтті.

Депутат 70 мың теңге төлем енгізу туралы алғашқы ұсынысында-ақ оған ақша жоқ екенін айтқанын мәлімдеді. «Бұл сұрақты көтергенде, менің депутаттық сауалыма «шығыны көп норма» деген жауап алдым. Қаржыландыру жоқ. Бюджетте қаржы жоқ. Бұл ән қазір де айтылып жатыр, ол мәңгі жалғаса береді. Бірақ біздің міндетіміз – ары қарай енгізу және енгізу» – дейді Гауһар Танашева

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: