Мұнан бөлек, Hyundai жүргізушісі көлік нөмірін шүберекпен жауып, бейнебақылаудан жасырынып өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта камера арқылы полицияға бейәдеп қылық көрсеткен жүргізушінің басы дауға қалып, ісі сотқа кетті.
Полиция дерегінше, жүргізуші Қызылордадан Тараз қаласына бағыт алған. Көп ұзамай оның кім екені анықталып, көлігі тоқтатылды.
37 жастағы ер адамға қатысты нөмірді жасыру әрекеті бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданып отыр.
Жаза кеткен жөн, Қазақстанда көлік нөмірін бейнебақылау камерасынан әдейі жасырғаны үшін жүргізуші куәлігінен бір жылға дейін айыру жазасы қарастырылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
