Бейсенбі, 23 сәуiр, 17:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Мәжіліс ветеринария мамандарын әлеуметтік қолдауға 22 млрд теңге бөлмек

23.04.2026

56 0

Фото: Kazinform

Ветеринария саласындағы мамандардың мәртебесін көтеріп, олардың заңды мүдделерін қорғау үшін елімізде Ветеринариялық палата құрылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Депутат Нұржан Әшімбетов халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, саланың мәртебесін нығайтатын жаңа институт туралы айтты.

– Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, ветеринария саласындағы мемлекеттік орган ретінде Ветеринариялық палата нысанында статуарлық орган құру көзделеді, – деді ол.

Әлеуметтік жеңілдікке келер болсақ, ветеринарларға жыл сайынғы демалыс кезінде екі айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы беріледі.

– Республикалық бюджеттік комиссия мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге – 22 млрд теңге, арнайы киіммен қамтамасыз етуге – 1,8 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, – деп түйіндеді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: