Бейсенбі, 25 сәуiр, 01:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мектептің бас есепшісі өзіне 5 млн теңге жалақы аударған

06.04.2021

1603 0

Көкшетаудағы мектептің бас есепшісі өзіне заңсыз жолмен бес миллион теңге жалақы аударған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

№4 орта мектептің бухгалтері заңсыз жолмен өзіне 5,6 миллион теңге (11 500 доллар) жалақы аударды. Бұл туралы білім беру мекемесіне аудит жүргізу кезінде белгілі болды.

«Сарапшылар бюджетке қайтарылуы тиіс 5 миллион 605 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтарды анықтады», – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, бас бухгалтер жалақыны есептеу кезінде үлкен жұмыс өтілі үшін қолданылатын жоғары коэффициентті негізсіз қолданған. Жүргізілген аудит материалдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бюджетке 499 мың теңге (1 100 доллар) сомасы өтелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: