Құрылтай

Сенбі, 11 шiлде, 10:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Мүгедектігі бар азаматтар енді пойыз билетін онлайн сатып ала алады

11.07.2026

49 0

Фото: ҚТЖ

І топтағы мүгедектігі бар жолаушылар енді арнайы орындарға билет алу үшін теміржол кассаларына бармайды. Енді олар билетті интернет арқылы рәсімдей алады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, бұған дейін мұндай мүмкіндік қарастырылмаған. Ведомствоның қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі жүйеге өзгеріс енгізіп, мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде анықтау тетігін іске қосты.

— 2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар пойыздарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылды. Бұл ҚТЖ электрондық билеттеу жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың арқасында мүмкін болды, — делінген хабарламада.

Енді бұл санатқа жататын шамамен 90 мың азамат теміржол билеттерін үйден шықпай-ақ, онлайн сатып ала алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: