Жексенбі, 13 қазан, 02:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Назым Кахарман сотта Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы өтініші қанағаттандырылмағанын айтты

08.09.2024

510 0

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман соттың Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішін қанағаттандырмағанын жеткізді. Ол балаларының әкесімен байланыста болғанын қаламайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Назым Кахарман өзінің Instagram парақшасында Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа жүгінгенін алға тартты. Ол Бишімбаевпен бірлескен некеден туған үш баланы тәрбиелеп отыр.

Назымның айтуынша сот бұл үшін заңды негіз жоқ деп санаған. Балалардан екі сағатқа жуық жауап алынған. Алайда судья дәлелдерді ескермеген.

«Біздің мемлекетіміз үшін лайықты әке болғаны ғой», – деп жазды ол желіде.

Сондай-ақ Назым балаларының тегін де өзгертуді қалайтынын қоса кетті.

«Мәселе мынада, аса қауіпті қылмыскерлерге түрмеге әр қағаз үшін барып, одан келісім сұрап жүргіміз келмейді. Оның келісімінсіз балалардың ешқайсысы турнирге жаттықтырушымен немесе олимпиадаға мұғалімімен бірге бара алмайды. 

Заңның өзінде мұндай қылмыс жасағаны отбасы мүшесі ата-ана құқығынан айырылатындығын көрсеткен. Бұл жайдан-жай емес. Мұндай адамдар балалар үшін шешім қабылдамауы керек. 
Біздің жағдайда тіпті кедергі жасамауы керек. Балалар әлі күнге дейін оның фамилиясын алып жүр. Себебі ата – ананың екеуінің де келісімінсіз мұны жасай алмайды екенбіз», – деді Назым Кахарман.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: