Бейсенбі, 18 шiлде, 13:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Павлодарда тұрғындардың есінен танып қалуы жиілеген

19.06.2024

285 0

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында аптап ыстық жұртты әбігерге салды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қоғамдық орындарда өзін жайсыз сезініп, тіпті есінен танып қалған тұрғындар бар. Әсіресе, созылмалы ауруы бар науқастарға қиын. Ауа температурасы 30 градустан түспей тұр.

Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 900-ден аса тұрғын жүгінген. Аптап ыстықтан құлағандар арасында жастар да бар. Мамандар ыстық күндері далаға себепсіз шықпауға кеңес береді.

«Қоғамдық орындарда адамдардың есінен танып қалу жағдайы жиілеген. Біз қала мен облыс тұрғындарын қатты ыстықта далада көп жүрмеуге шақырамыз. Бас киімсіз жүрмеңіз, мейлінше ашық түсті киімдерді таңдаған жөн. Өзіңізбен бірге әрдайым су алып жүргеніңіз абзал», – деді облыстық жедел жәрдем бекетінің баспасөз хатшысы Асқар Ғазизов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: