Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауаны құжат қабылдау басталды

15.05.2023

593 0

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Сыр өңірінде 25 қоғамдық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, ағартушылық-зияткерлік, ғылыми-танымдық және спорттық шара өткізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімінің аппарат басшысы Шахмардан Байманов хабарлады.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Халқымыз қай заманда да отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет — біздің қанымызға сіңген қасиет. Әрбір азаматтың адамгершілік болмысының қалыптасуына отбасындағы ахуал айрықша әсер етеді. Сондықтан мемлекет әр шаңырақтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өсіп- өркендеуі үшін барлық жағдайды жасайды», – деп атап өтті.


Өңірде Халықаралық отбасы күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға терең мазмұндық сипатқа ие 25 қоғамдық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, ағартушылық-зияткерлік, ғылыми-танымдық және спорттық шара енгізілді. Мереке аясындағы ең негізгі шаралар – «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысып жеңімпаз атанған, сондай-ақ басқа да үлгілі отбасылар мүшелерімен мектептердегі, колледждердегі кездесулер», – деді Шахмардан Асқарұлы.


Сондай-ақ, аппарат басшысы бүгіннен бастап «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының I кезеңіне құжат қабылдау басталғанын айтып, жерлестерін конкурсқа белсенді қатысуға шақырды. Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға, яғни Қызылорда қалалық және аудандық қоғамдық даму бөлімдеріне тапсыру қажет. Ұлттық конкурстың І кезеңіне үміткер отбасылардан құжат қабылдау бүгіннен, яғни 15 мамырдан басталып, 15 маусымға дейін жалғасады.


Анықтама ретінде: Облыс бойынша 16751 «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған, 33851 көпбалалы отбасыға ай сайын 2 млрд 484 млн. теңге мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жыл сайын артып келеді.


Өңірде облыс әкімінің бастамасымен арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасы аясында алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға жеңілдетілген ипотекалық несие беру үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд.теңге, «Отбасы банкі» арқылы 500 млн.теңге, барлығы 1,7 млрд. теңге қаражат бөлінді.


Биыл жаңадан 23 тұрғын үй халық игіліне беріліп, барлығы 982 отбасына пәтер кілті табысталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: