Сәрсенбі, 27 қараша, 10:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада репрессия құрбандары атылған 3 жер анықталды

14.07.2021

1290 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынға облыстық жұмысшы топ өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері, мекеме басшылары қатысты.

Жиналыста облыс әкімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бүгінге дейін өңірлік комиссияның 2 отырысы өткізілгенін еске салды.

– Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасы негізінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Өңірлік комиссия төрағасының бекітуімен ғалымдар, зерттеушілер мен өлкетанушылардан тұратын облыстық жұмысшы тобы құрылды. Қазіргі таңда комиссия және жұмысшы топ құрамына енгізілген ғалымдар бекітілген кестеге сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының және облыстық полиция департаментінің, облыстық архивтерінде әр сәрсенбі және бейсенбі күндері мұрағаттарда сақтаулы тұрған құпия құжаттармен жұмыс жасауда, – деді аймақ басшысы.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жүргізілген жұмыстар барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, өңірлік комиссия төрағасы комиссия құрамына 21 білікті маман мен зерттеушілер енгізіліп, жұмыс жоспары бекітілгенін атап өтті.

Өңірлік комиссия жанынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында ғалымдар, зерттеушілер мен өлкетанушылардан тұратын облыстық жұмысшы тобы құрылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі ғылыми бағыттағы жұмысшы топтары 8 топқа бөлініп жұмыс жүргізуде. Мұнан бөлек, қала және аудан орталықтарынан да жұмысшы топтары жасақталды. Жұмысшы топ мүшелерімен ғалымдарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында және облыс орталығындағы мұрағаттарда арнайы жұмыс бөлмелері белгіленіп, материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Атап өтейік, бүгінге дейін 1 өңірлік комиссия отырысы және жұмысшы топтың 3 отырысы өтті. Сонымен қатар, биылғы жылдың 31 мамырында өткен «Болашақ үшін естелік» халықаралық жобасы аясында «ҚР Тәуелсіздігі: тарих және естелік» атты халықаралық форумында өңірлік комиссия мүшелері тарапынан жүргізілген жұмыстар таныстырылды.

Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасындағы ғалымдардан жасақталған облыстық жұмысшы топтың атқарған жұмыстары туралы университет проректоры Абайбек Жүнісов баяндады. Қазіргі таңда жұмысшы топ мүшелері Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде «ақталуға жатпайды» деген 12 қормен жұмыс жүргізуде. 1940-1950 жылдар аралығында сотталған, бірақ ақтауға жатпайтын азаматтар туралы 70 іс қаралып, 145 адам ақтауға ұсынылды.

Қаралған архив құжаттары бойынша Сыр өңіріндегі «Қарақұм» көтерілісі және осы көтерілістің заңды жалғасы болған бірнеше топтардың мүшелері туралы естеліктер жинақталуда. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, әлі ақталмаған азаматтардың жақын туыстарынан маңызды мәліметтер алынуда. Қызылорда қаласы маңындағы XX ғасырдың 20-40 жылдары репрессия құрбандары атылған 3 жер (Қарауылтөбе елді мекені жаны, Арай саяжай территориясында және Орал қазақтарының қорымы жанында) анықталды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының жерлеу орындарына арнайы 2 экспедиция жұмыстары жүргізілді, – деді Абайбек Жүнісов.

Отырысты қорытындылай келе аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданатынын атап өтті.

Бұл мәселе екіжақты болғандықтан жан-жақты қарап, сондықтан оны өте мұқият зерделеу керек, – деді облыс әкімі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: