Жексенбі, 06 қазан, 02:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

«Сен тоқал алғың келе ме, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол»: Нұрлан Имам

10.09.2024

472 0

Фото: Бағдарламадан скриншот

TikTok арқылы танымал болған имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы көп әйел алуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дін өкілі “Сырласу” бағдарламасында қонақ болып, некелескен жарын жиі қуантқысы келетінін жасырмады. 

“Әйелім қымбат сыйлық сыйлағанымды ұнатпайды. Бірде сыйлаған едім, қатты ұрысып берді. Ол кісі өте қарапайым. Сондықтан әйеліме Tiffany сыйламаймын. Әйелің қанағатшыл болса, дүниенің басы құралады екен. Жар таңдауда жолым болды”, – деді имам. 

Одан кейін қоғамда қызу талқыланатын көп әйел алуға қатысты да жеке көзқарасын білдірді. 

“Көп әйел алуды қолдамаймын. Ондай әңгімені жақтырмаймын. Көп әйел алып, жылатып жүрген еркектер қаншама?! Көп әйелдің бірі болып, жылап жүрген қыз-келіншек қаншама?! Әділдік болуы керек. Құранда да айтылған. Әйелдің ішінде жарылмай жүрген өкпе-реніші болады. Сен тоқал алғың келе ме, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол. Көп еркек осы сөзбен келіспейді”, – деп ой бөлісті теолог. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: