Сәрсенбі, 20 мамыр, 21:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

«Шиелі» қосалқы станциясы заманауи талапқа сай жаңғыртылды

20.05.2026

41 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шиелі ауданында халықты тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын «Шиелі» қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды.

1964 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан станция аудан тұрғындарын үздіксіз жарықпен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде аудан бойынша 19 мыңнан астам электр тұтынушы тіркелген. Оның ішінде 17 мыңнан астамы жеке тұлғалар болса, 1900-ден астамы заңды тұлғалар.

Жаңғырту нәтижесінде ауданның электрмен қамту жүйесінің сенімділігі артып, тұрғындар мен өндіріс орындарын тұрақты қуат көзімен қамтамасыз ету мүмкіндігі күшейді. Сонымен қатар жаңа технологиялардың енгізілуі апаттық жағдайлардың алдын алып, электр желілерінің тиімді жұмыс істеуіне жол ашады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: