Шиелі ауданында бұқаралық спортты дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында нысан толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай қайта бейімделеді. Ғимараттың жалпы ауданы – 1 816 шаршы метр, құрылыс алаңы – 1 878 шаршы метр, ал құрылыс көлемі -13 152 текше метрді құрайды.
Күрделі жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың ішкі және сыртқы инфрақұрылымы жаңартылып, спортпен айналысуға қолайлы жағдай қалыптастыру көзделген. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін спорт кешені аудан тұрғындарының игілігіне беріліп, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
