Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында «Жас құтқарушы – 2024» сайысын ұйымдастырды. Бұл шара балалардың төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін үйренуіне бағытталды.
– Жыл бойы су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түрлі БАҚ-та бағдарламалар мен мақалалар жарияланып, әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен жазбалар орналастырылды. Мектептерде интерактивтік сабақтар өткізілді. Сондықтан балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Олар тосын жайға тап болса, не істеу керегін білу керек, – дейді ұйымдастырушылар.
Ерасыл ТҰРСЫНБАЙ
Нұрхан НҰРҒАЛИ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
университетінің студенттері
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!