Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жер берді, еңбек ет!

05.05.2021

2657 0

Әлемдік ахуалдың күрделенуі азық-түлік бағасының қымбаттауына ықпал еткені белгілі. Оған қоса еларалық шекарадағы тежеу мен карантиндік шектеулер маусымдық өнімдерді, яғни жеміс-жидек, көкөніс, бақша дақылдарының жетіспеушілігін тудырып, ел экономикасына теріс әсер етті. Бұл – өткен жылғы тәжірибе. Ал биыл аталған қиындықтың алдын алу мақсатында азық-түлік өнімін өндіру ісіне оңтайланду, қор жасақтау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары қолға алынған. Тіпті, облыс, аудан орталықтары мен қалаларда тұрғындардың қажетті ауылшараушылығы өнімін өздері өндіруіне жағдай жасауда. Шаһар маңына жылыжай салу, ауылшаруашылығы кәсібіне демеу көрсетіп, жаз айында халықтың тарықпауына күш салау жоспарланған.

Осындай жүйелі жұмыстың бірі Қызылорда қаласында бастау алды. Шаһарға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде қала тұрғындарының маусымдық кезеңде картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егуі үшін 10 гектар жер көлемінде егістік жер бөлінген. Сәйкесінше, әрбір отбасы 10 соттық көлемінде жерді уақытша еншілеп, өздерін картоп, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуіне толық мүмкіндік алады.

Әлеуметтік желіде «Қалаға қарасты ауылдан бақша дақылын егуге уақытша 10 соттық жер беріледі» деген ақпарат тараған сәтті көптің көкейінді біршама сауал пайда болды. Ондағысы, «Жер қай уақытқа дейін береді?», «Егін егуге жағдай жасалған ба?», «Суды қайдан аламыз?», «Өнімді өзімізде қалдырамыз ба, әлде міндетті түрде сату қажет пе?» деген сұрақтар еді. Қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласып, мамандардан мән-жайды нақтылау барысында барлық сауалға жауап алып, көкейдегі түйін тарқағандай болды.

– Уақытша бақшалық жер берудің мерзімі өнімге байланысты. Яғни, өнімді күзде жинап, егін маусымы аяқталған кезде, жер де кері қайтарылады. Ал маусымдық егін барысында өнім аз беріп немесе түк нәтиже шыпаса, азаматтар ешқандай жауапкершілік арқаламайды. Сондай-ақ, жерді алған отбасы шыққан өнімді тұрмыста пайдалана ма, әлде сатқысы келе ме, оны өздері шешеді, – деді Қызылорда қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілі Нұрбала Қали.

Сонымен қатар, жауапты мамандар Қарауылтөбе ауылында бақша дақылдарын егуге қолайлы жағдай жасалғанын айтуда. Егісті суару үшін бақшалық аймаққа ауыз су да жеткізіліпті. Содан болар, биыл жерді уақытша алуға ықылас білдірген азаматтар саны да едәуір артқан. Мысалы, 26 сәуір күні ынта білдірген 38 қала тұрғынының әрқайсысына Қарауылтөбе ауылдық округінен 10 сотықтан жер бөлініп берілген. Ары қарай тұрғындар өздері бақша дақылдарын егу, күтіп-баптап жұмысын жасау арқылы өздерін көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге қамдануда.

– Әлеуметтік желіден бақша дақылын егуге уақытша жер берілетіні туралы жарнаманы көзіміз шалып, Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы бөліміне хабарластым. Мақсатым көкөніс, бақша дақылын егіп, отбасымды қамтамасыз ету болатын. Мамандар тиісті ақпараттармен бөлісіп, қажетті құжатты өткізуімді сұрады. Осылайша бақша дақылын егуге уақытша жер алуға қол жеткіздім. Қазіргі таңда бақша дақылдарының қандай түрін егу керегін, дақыл дәнін таңдау секілді кезеңді атқарудамын. Күз мезгілінде мол өнім алаып, артылса сатып пайда табу да ойымда бар, – деді уақытша жерді еншілегін Айбек Мұсабеков.

Мекеме маманының сөзінше, бақшалық егін егуге ынта білдірген қала тұрғындарына әлі де мүмкіндік бар. Өтінімдерді қабылдау уақыты егін егу маусымы аяқталғанша жалғасатын болады. Әрі қажетті құжат саны да көп емес. Сондытан, уақытша 10 соттық бақшалық жерді алуға құлшынған азаматтар саны күннен күнге көбеюде екен.

– Өтінімдерді қабылдау жалғасады. Тұрғындар өтінім беру үшін «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-ге хабарласып, тиісті ақпараттарды нақтылап, құжат өткізсе жеткілікті. Алайда ескеру қажет, егістік жер көкөніс және бақша дақылдарын егу мақсатында ғана маусымдық кезеңге уақытша беріледі, – Нұрбала Нұрділләқызы.

Әлемдік алып қалалар мен халық саны миллионнан асып жығылатын шаһарлар өзіндік автономды инфрақұрылым, сервистік қызмет, экономикалық ерекшелік тұрғысында біршама жетістікке жеткен. Соның ішінде ең маңыздысы қала тұрғындарының өз-өзін табиғи азық-түлікпен қамтамасыз етуін қадағалау екені анық. Жыл сайын тұрғыны артқан Қызылорда қаласы да сырттан келер өнімді азайтып, өз-өзін азық-түлік, бақша дақылымен қамти алар жолға түскен секілді. Тек бұл мақсатта кәсіпкерлік пен қоғамдық сана, мен жауапкершіліктің жоғары болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: