Жұма, 19 маусым, 15:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Алтынның 1 граммын қанша теңгеге алуға болады

19.06.2026

26 0

Фото: ТАСС

Елімізде алтынның 1 граммы апта ішінде аздап арзандады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, құнды металдың 1 грамының құны 18 маусымда 68 158,43 теңге болды. Осылайша апта ішінде алтын бағасы 33,82 теңгеге арзандады. 11 маусымда 1 грамм алтынның құны 68 192,25 теңге болған еді.

Айта кетейік, Тулейн университеті ғалымдары алтынның неге қараймайтынын және ғасырлар бойы өзінің жарқырауын сақтайтынын анықтаған болатын.

Бұған дейін алтынның қараймауы оның оттегімен әлсіз әрекеттесуіне байланысты деп есептеліп келген. Алайда жаңа зерттеу металл бетіндегі атомдардың өздігінен қайта орналасып, тотығу ықтималдығын күрт төмендететін ерекше қорғаныс қабатын түзетінін көрсетті.

Ғалымдардың айтуынша, атомдардың мұндай қайта құрылуы алтынның оттегімен реакцияға түсуін миллиардтаған, тіпті триллиондаған есе азайтады. Дәл осы механизм алтын бұйымдардың ондаған, тіпті жүздеген жыл бойы бастапқы қалпын сақтап тұруына мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: