Жұма, 19 маусым, 16:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанды газдандыру деңгейі 64%-дан асты

19.06.2026

27 0

Фото: Энергетика министрлігі

Қазақстанда табиғи газға қол жеткізген тұрғындар саны артып келеді. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі газдандыру деңгейі 64,2%-ды құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оның айтуынша, қазіргі таңда 20,5 млн қазақстандықтың 13,1 миллионы табиғи газбен қамтылған.

– 2025 жылдың қорытындысы бойынша, 354 мыңнан астам адам тұратын 94 елді мекен табиғи газға қосылған. Осы кезеңде 2 мың шақырымнан астам газ құбыры салынып, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталған. Ал 2026 жылғы 1 қаңтарда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жеткен немесе 20,5 млн адамның 13,1 миллионы табиғи газға қол жеткізді, – деді спикер.

Сондай-ақ вице-министр газдандыру деңгейі ең жоғары өңірлерге тоқталып өтті.

– Газдандыру деңгейі республиканың батыс облыстарында, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында 90%-дан асады. Ал Алматы, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Жетісу облыстарында бұл көрсеткіш 60%-дан 90%-ға дейінгі аралықты құрайды, – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Сонымен бірге Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында бұл көрсеткіш 60%-дан төмен деңгейде екенін жеткізді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға бөлінген 27,3 млрд теңге есебінен газдандыру деңгейін 64,3%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осы арқылы тағы 32 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: