Шиелі ауданының Жөлек ауылдық округінде тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жаңа спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасап, бұқаралық спортты дамытуға серпін береді.
Спорт кешенінің жалпы ауданы 982,15 шаршы метрді құрайды. Ғимараттың құрылыс алаңы – 885,40 шаршы метр, құрылыс көлемі – 9 990 текше метр. Нысанның архитектуралық шешімі заманауи талаптарға сай жүзеге асырылып, өлшемі 20х42 метр болатын тіктөртбұрыш пішінінде салынған.
Құрылыс жұмыстарын «Интегрострой» ЖШС жүргізсе, техникалық қадағалауды «Строительный контроль» ЖШС, авторлық қадағалауды «ПСК Qabylet» ЖШС жүзеге асырған.
Жаңа спорт кешені ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыруға және өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды әлеуметтік нысан болып табылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
