Сенбі, 27 сәуiр, 07:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

42 келіден аса есірткі затын тасымалдаған екі тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

29.09.2022

730 0

«Қарасора» іс-шарасы барысында  Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы тұсында «Шымкент – Самара» тас жолының 1 шақырымында жол ережесін бұзған «Тойота Камри» автокөлігі Қызылорда облысы ПД-ң патрульдік полиция рота қызметкерлерімен  тоқтатылды.

Тексеру барысында көліктен 10 қапқа салынған жасыл түсті зат анықталып айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік зат 42 кг. 682 гр. «кептірілген марихуана» екендігі нақтыланды.

Автокөлікті тізгіндеген 45 жастағы жүргізуші және 32 жастағы жолаушысы Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.      Күдіктілер УҰИ қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: