Сейсенбі, 23 сәуiр, 11:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Адам саудасына жол ашатын 32 сайт бұғатталды

31.07.2021

575 0

Қызылордада жыл басынан бері адам саудасына жол ашатын жарнамалық хабарландырулар мен ақпараттық материалдар жариялаған 32 сайт бұғатталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ОПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ғани Мұқанов мәлімдеді.
Биыл аймағымызда адамдарды заңсыз бостандығынан айыру, құлдыққа салу сынды заңсыздықтар мен азаматтардың құқықтарының шектелу деректері тіркелмеген. Бұл бағыттағы заңсыздықтарды анықтау үшін облыс көлемінде тіркелген 3 106 шаруа қожалықтың 2 660-на тексеру жұмыстары жүргізілді.
Брифингте ОПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы «Жыл басынан адам саудасына қатысты 2 хабарлама түсті. Соның бірі, «Евразия» телеарнасы арқылы жаңалықтан «Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр» деген сұхбат бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Аталған ақпарат жалған болып шықты. 30 наурызда мемлекеттік емес ұйымнан Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде жұмыс жасап жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлі еңбекке тарылғаны туралы хабарланды. Бүгінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Құрылыс нысанынан анықталған 14 өзбек азаматы Қызылорда облысының әлеуметтік – психологиялық, құқықтық қолдау орталығы үкіметтік емес мекемесіне орналастырылды», – деді.
Ал аймақта адам саудасына қатысты қылмыстық істердің ең көбі жеңгетайлықпен айналысқандар арасында. Осы жағдайға байланысты биыл 10 дерек тіркеліп, 2 тұлға және жеңіл жүріспен пайда тауып жүрген 14 азаматша есепке алынды. Сондай-ақ, бала сатумен айналысқан 1 дерек, жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша 2 дерек анықталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: