Сейсенбі, 30 сәуiр, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Әйелдер күйеулерін пышақтап тастаған

20.02.2024

490 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Aqmeshit-aptalygy.kz – Көптеген отбасында болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық көбіне қайғылы жағдаймен аяқталады. Күйеулері мас күйінде әйелдерін өлтіреді, ал әйелдері соққыға жығылып жатқан кезде өздерін қорғап, пышақты күйеулеріне сұғып алады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Мұндай жағдайлар кісі өлтіру статистикасында айтарлықтай үлесті алып отыр. Егер отбасылар ішімдік ішуді әдетке айналдырса, бұл қайғылы жайтпен аяқталуы мүмкін.

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілдерінің мәліметінше, былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотқа 13 адам келген. Олардың ішінде үш әйел бар.

«Мас күйінде ерлі-зайыптылар ұрысады, тіпті әйелдері күйеулеріне пышақ сұғып алған жағдайлар болған. Мұндай үш жағдай тіркелді. Бәріне ішімдік кінәлі деп санаймыз», – дейді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері елде тұрмыстық жанжал туралы төрт мыңнан аса хабарлама тіркелген. Агрессорлардың көпшілігі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Отбасылық қақтығыстардың себептері маскүнемдік, лудомания, моральдық және этикалық қағидалардың бұзылуы екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: