Сәрсенбі, 01 мамыр, 19:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Атырау облысында жолдан жүгіріп өтпек болған 11 жастағы бала көз жұмды (ВИДЕО)

21.10.2022

642 0

Атырау облысында 11 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды IIM Telegram-арнасында.

Ведомство мәліметінше, оқиға бүгін, 20 қазанда сағат 07.45-те Құлсары қаласында болған.

Toyota Prado автокөлігінің 73 жастағы жүргізушісі 11 жастағы жасөспірімді​ қағып кеткен. Ол оқиға орнында мерт болған.

Құзырлы орган жариялаған видеодан жасөспірімді жолдан жүгіріп өтпек болған кезде көлік қаққанын байқауға болады.

Ішкі істер министрлігі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Видеоны көру үшін сілтемеге өтіңіз: https://youtube.com/shorts/WX6LunnLvRc?feature=share

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: