Сенбі, 27 сәуiр, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Бекіре аулаған маңғыстаулық азамат 3 жылға сотталды

31.01.2023

492 0

Маңғыстауда ер адамның көлігінен 24 келі болатын бес бекіре табылды, деп хабарлайды Astana TV арнасы. 

Toyota Hilux көлігінен балық табылды. Бекірені заңсыз аулап, тасымалдағаны үшін Маңғыстау облысының түрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Ер адам апелляциялық шағым түсірді. Қорғаушысы екеуі кінәні мойындауы мен  басқа соттылықтың жоқтығын ескере отырып, жазаны жеңілдетуді сұрады. Алайда апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды.

«Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот ер адамның қылмысын дұрыс анықтады деп шешті. Үкімнің өзгеруіне немесе күшін жоюға әкелетін жаңа дәлелдер ұсынылмаған. Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды», – деп хабарлады Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: