Сәрсенбі, 01 мамыр, 02:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бірнеше адамды аяусыз ұрғаны үшін жазалана ма?

15.02.2023

434 0

Сурет ашық дереккөз

Әйелдің айтуынша, күйеуі екеуі таксиге отырмақ болған сәтте әлдебір жігіт жүгіріп келіп, бір қызды біреудің ұрып жатқанын айтып көмек сұраған.

Алматыда адвокат Анна Димитриевич күйеуі екеуін танымал спортшының ұлы соққыға жыққанын мәлімдеді. Заңгер оқиғаның мән-жайын Facebook желісінде жариялаған.

Бізден бірнеше метр жерде бір жас жігіт қызды аяусыз ұрып жатыр екен. Біз ойланбастан жүгіріп барып, оны тоқтатуға тырыстық. Қыз маған ұмтылып, «Көмектесіңдер! Көмектесіңдер!» деп айқайлап жатты. Сол кезде ашуға булыққан жігіт кенеттен бізге бас салды. Ол Олегті бір ұрып құлатты, артынша орнынан тұра берген күйеуімді доп тепкендей тепкілей жөнелді. Арасында еркін күресте жүргендей арлы-берлі лақтырып қояды. Мен бұзақыны тоқтатпақ болып ұмтылып едім, ол жағымнан бір салып қалғанда, қатты соққыдан ұшып кетіп, асфальтқа құладым. Сол сәтте есімнен танып қалыппын,

дейді әйел.

Заңгер шабуылдаушыларды тіпті құқық қорғаушылардың келуі де тоқтатпағанын атап өтті. Олар Олег Черновқа қоқан-лоқы көрсетуді жалғастыра берген.

Кейіннен белгілі болғандай, ол Тұрлыханов Дәулет Болатұлының ұлы болып шықты. Есімі – Нұрасыл. Дәулет Болатұлы – белгілі тұлға, елге сыйлы спорт қайраткері.

Спортшылардың өз моральдық-адамгершілік ұстанымы бар, сондықтан Дәулет Болатұлы бұл кикілжіңге қатысты дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін,

деп жазады ол.

Алматы қалалық ПД аталған деректің ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті әскери адам болғандықтан, іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық прокуратураға жіберілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: