Жексенбі, 05 мамыр, 09:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Бүгін прокурорлардың кәсіби мерекесі

06.12.2022

521 0

Еліміздегі заңдылықтың сақталуын қадағалайтын бірден бір жауапты сала – прокуратура. Қазіргі таңда  жергілікті құқық қорғау және атқарушы органдардың жұмысын оңтайлы үйлестірудің нәтижесінде аймақта криминогенді ахуал тұрақты сақталуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма басшысы Батырбек Нұрмағанбетов мәлімдеді.

         Басқарма басшысының айтуынша, өңірде жалпы қылмыстық іс-әрекет өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеген. Бұған прокуратура қызметкерлерінің үлесі зор.

         – Елімізде 6 желтоқсан – Прокуратура органдарының кәсіби мерекесі. Бұл күні, яғни 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды. Осы кезден бастап прокуратура саласы Конституцияда негізделген Заң аясында қарқынды жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі таңда прокуратура органдарының қызметкерлері бір тетік арқылы жұмыс істеу жүйесіне көшкен. Осы арқылы мыңдаған тұлға туралы мәліметті толық тексеруге мүмкіндік бар. Жалпы жыл басынан бері прокурорлармен заңсыз ұсталған және әрекеті тергеу органымен заңсыз сараланған 91 адамның Конституциялық құқықтары сақталды. Сонымен қатар биыл аймақта жалпы қылмыстық деректер былтырғы жылмен салыстырғанда 588 қылмысқа азайды, – деді облыстық прокуратура басқармасының басшысы Батырбек Қабылбекұлы.

Сала басшысы сонымен бірге, қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып атқарған жұмыстардың нәтижесінде биыл облыс көлеміндегі алаяқтық қылмысы 6 пайызға кемігенін атап өтті.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: