Сейсенбі, 16 шiлде, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Екі өгей қызын зорлаған Теміртаулыққа қатысты сот үкімі шықты

26.05.2023

826 0

Отбасындағы екі өгей қызына жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткен теміртаулық күдіктіге қатысты сот шешімі шықты. Судья оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот анықтағандай, 2021 жылдың қазан айында сотталушы А. Теміртау қаласында өз пәтерінің қонақ бөлмесінде бола тұра, өзінің өгей қызы 2009 жылы туған Т-ға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Одан бөлек, 2021 жылдың қазан айында А. сол өз пәтерінің қонақ бөлмесінде екінші өгей қызы 2012 жылы туған А-ға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін іске асырған.

«Яғни,сотталушы жәбірленушілердің жастарын анық біле тұра және сол себепті оған қандай-да бір қарсылық білдіре алмайтындарын ұғынып, солайша олардың дәрменсіз күйлерін пайдалана отырып, бірнеше рет сексуалды сипаттағы әрекеттер жасаған», – делінген Қарағанды облыстық сотының ресми хабарламасында.

Соттың қорытындысы растайтын дәлелдерді келтірді. Яғни сотталушының кінәсі жәбірленушілердің және куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қорытындыларымен, сондай-ақ басқа да іс материалдарымен дәлелденді.

Өз кезегінде прокурор сотталушыны айыптаудың барлық баптары бойынша кінәлі деп танып, түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушінің заңды өкілі, сотталушыға ең қатаң жазаны тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап А-ның кінәсі дәлелденбегендіктен оны ақтауды сұрады

 Алайда, сот сотталушыға қатысты қатаң жазаны тағайындады.

«ҚК-тің 121-б. 4-б. санкциясы бойынша 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Жаза тағайындау кезінде сотталушының өтелмеген соттылығы бар екені және жәбірленуші тараптың пікірі ескерілді. А-ның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай анықталған жоқ, ал ауырлататын мән-жай ретінде  қылмыстардың қайталануы танылды. Сотталушы А. айыптың барлық баптары бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тиісті сараптамамен химиялық кастрация жасау қажет деп танылмағандықтан, сотпен аталған шара тағайындалған жоқ», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: