Дүйсенбі, 06 мамыр, 19:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Есірткі сақтаған қызылордалық азамат үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды

04.10.2023

573 0

Қызылордада сот ер адамды кінәлі деп тауып оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Келіп түскен ақпарат бойынша қызылордалық полицейлер облыс орталығы тұрғынының пәтерінен есірткі заттарын тапқан. Сараптама нәтижелері бойынша алынған заттар 3 кг 405 гр марихуана, 6,57 гр гашиш және 3,65 гр қара сора тұқымдары болып шықты.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот үкімімен айыпталушы үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, оған сот сараптамаларының жүргізілгендігі үшін мемлекет кірісіне 159 262 теңге және Жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі соманы төлеуге тура келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: