Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ішкі істер министрлігінен 3 мың адамды қысқарту жоспарлануда

12.02.2021

1126 0

Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында «министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі №339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жоба жариялады.

Жобаға сай, 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ішкі істер министрлігінің 2924 штаттық орнын (мамандандырылған rүзет бөлімшелері) қысқарту көзделген.

Лимиттің қысқартылуы мемлекет тарапынан күзетілетін жекелеген нысандарды жеке секторға берумен байланысты. Олардың қатарына Жоғарғы сот, Бас прокуратура (аудандық прокуратура, солармен теңестірілген соттар және қалалық прокуратура) секілді мемлекеттік органдарға қарасты нысандар бар.

Бүгінде ІІМ-нің штат саны 126 563 адамды құрайды. Қысқартудан соң 123 639 адамға дейін азаймақ.

Жобаны талқылау 22 ақпанға дейін жалғасады.

Qamshy.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: