Жексенбі, 28 сәуiр, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Кіші турнирдің  іріктеу кезеңі басталды

16.06.2023

245 0

Бүгін Қызылорда қалалық пробация есебіндегі жастар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Облыстық жастар ресустық орталығы мен пробация қызметі ұйымдастырған жарысқа пробация есебіндегі жастардан 3 команда құрылып, жарыс көркін қыздырды.

«Ақсуат», «Достар», «Асылан» секілді командалар қатысқан жарыстың ашылуында облыстық жастар ресустық орталығы басшысының орынбасары  Сисенбиев Ерлан Мырзалыұлы командаларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта өткізілетін спорттық шараларға қатысуға шақырды.

 Қызу да, тартысты өткен доп додасында командалар, бар шеберліктерін салды. Спорттық шараның әділ өтуіне  қалалық спорт бөлімінің нұсқаушылары Ж.Жолаханов, Д.Өтегенов қазылық етті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Асылан» командасы жүлделі ІІІ орынға тұрақтады, ал, «Ақсуат» командасы ІІ орынды еншіледі. Алдына қара салмаған «Достар» құрамасы болса қарсыластарын қапы қалдырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Сайыстың іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанған «Достар» командасы облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде барлық аудан, қалалық іріктеуден өткен командалар жеңіс кубогы мен қаржылай сыйлыққа таласқа түсетін  болады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: