Сәрсенбі, 01 мамыр, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін 10%-дық ақыны талап ету қаншалықты заңды

16.01.2023

822 0

Сурет: Stan.kz

Дәмханалар мен мейрамханалардағы даяшылардың көрсеткен қызметіне тұтынушылар ақы төлеуге міндетті емес. Бірақ қалың көпішілік бұл жайлы біле бермейді. Сондықтан тұрғындар өздері барған көпшілік орындарда ішіп-жемінен бөлек, ол жердің қызметі ұнасын-ұнамасын 10 немесе 15% көлемінде ақша төлеп жүр. Бірақ бұл туралы еш жерде жазылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде дәмханалар мен мейрамханаларға барған тұрғындар өздерінің алған тағамы мен сусындардың ақшасынан бөлек оның 10-15%-ын сол орынның қызметі үшін төлейді. Мұндай қызмет ақы бұрыннан қалыптасқан. Сондықтан көп жерде мейрамхана иелері де қосымша ақша төлеу керегін ешкімге ескертпейді. Ал тұрғындар сол орынның қызметі көңілінен шықпаса да, оны үн-түнсіз төлеуге үйреніп қалған.

Қызылорда қаласындағы дәмханада әкімші болып жұмыс істейтін Ардақ Мұратұлы қызмет үшін 15% ақы төленетінін кез келген қонаққа келгеннен-ақ ескертілетінін айтады. Тіпті олар мұндай ескертуді ас мәзірінің астына да жазып қойған. Егер тұтынушы осыған келіссе, соған лайық қызмет көрсетуге тырысамыз дейді.

“15% туралы біз келгендерге алдын ала ескертеміз. Сіз столға отырайын деп жатырсыз, біз қызметке 15% аламыз деп. Ас мәзірімізде тамақтарға біздің қызмет бағасын қосып жіберсек ол өте қымбат болып кетеді”, – дейді ардақ Мұратұлы. 

Дегенмен заңгерлердің сөзінше, тұтынушыға осындай қосымша ақшаны міндеттеп төлету туралы заң да, ереже де жоқ. Сондықтан дәмханаға барған азамат бұл ақыны төлемеймін десе де өз еркі.

“Кафелер қосымша ақы алатыны туралы алдын ала хабарлауға міндетті. Бұл мәзірде немесе кейбір белгілерде көрсетілуі керек. Сонымен қатар пайыздық мәнде көрсету заңсыз болып табылады. Қызмет құнын теңгемен көрсетуге міндетті”, – деді заңгер Әйгерім Ілиясова. 

Заңгерлердің айтуынша, егер дәмханалардағы қызмет сапасы тұтынушының көңілінен шықпаса, төлеген қосымша ақысын сот арқылы өндіруге де болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: