Сенбі, 27 сәуiр, 23:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Нұрлан Мәсімов заңсыз істеген әрекетін мойындады

27.05.2023

639 0

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Мәсімов шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындап, бұл «аса қажеттіліктен болғанын” айтты. Айыпталушының айтқанын журналистерге Нұрлан Мәсімовтің адвокаты Дмитрий Куряченко да растады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нұрлан Мәсімовке аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылған. Бұрынғы полицейге қатысты баптардың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Нұрлан Мәсімовке «Аса ірі мөлшерде пара алу», «Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе жымқыру», «Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тыс қасақана заңсыз кесіп өту» деген үш бап бойынша айып тағылып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: