Бейсенбі, 28 наурыз, 23:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Полиция департаментінде Әйелдер кеңесінің кезекті отырысы өтті

29.07.2022

869 0

Қызылорда облысының полиция департаментінде  қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты бұзудың алдын алу, әлеуметтік  өзекті мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, тәлімгерлік институттар кеңінен қолданылуда. Офицерлер жиналысы мен әйелдер кеңесі жүйелі түрде өткізіліп келеді. 

Осы орайда, бүгін полиция департаментінде Әйелдер кеңесінің кезекті отырысы өтті.  Жиын барысында  департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Дәурен Ибраев  баяндама жасап, өзекті мәселелерге тоқталды. Оның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті,  іскерлік киім үлгісіне қойылатын талаптар мен негізгі ұсынымдар,  әйел қызметкерлер арасында моральдық-психологиялық тұрақтылық, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды. 

Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту  мақсатында полиция қызметкерлерінің қандай да бір  құқық  бұзушылық жасағаны үшін заң шеңберіндегі  жауапкершілігі, қызметке бару және кері қайту, тұрмыста жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы хабардар етілді.

 Алдағы уақытта да  полиция қызметкерлері үшін психологтардың,  Ардагерлер кеңесінің, Консультативтік-кеңесші орган өкілдерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізілетін болады. 

Кеңес қорытындысымен полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік этика нормаларын сақтау бағытында нақты іс-шаралар қабылдау ұсынылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: