Жұма, 03 мамыр, 09:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азамат жүлделі орын алды

30.11.2023

509 0

Сурет: ҚАЖД

Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі тұлғаларды әлеуметтендіру бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Есептегі тұлғалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі мәдени-спорттық шараларға жиі қатыстырады. Жуырда жастар арасында Жастар ресустық орталығында «PLAYSTATION» ойынынан жарыс өтті.

Ойынға белсене қатысқан жастар арасынан пробациялық бақылау белгіленген Е.есімді азамат жүлделі 3 орын ұтып алды. Қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет кіші сержанты Нүрзия Қыдырбекқызының айтуынша есептегі тұлғалармен спорттық жарыстар жиі өткізіледі. Атап айтар болсақ, футбол, гір көтеру, арқан тарту, қол күрес сынды жарыстарға және психологиялық тренингтеге де қатыстырамыз. Алдағы уақытта да әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша, қайталап қылмыс жасаудың, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын – алу және оны болдырмау бағытында жұмыстар атқаратын боламыз,- деді Нүрзия Қыдырбекқызы.

-Бүгінгі жарыстан жүлделі орын алдым. Бос уақытымда плейстейшн ойнайтын едім. Соның көмегі де тиді. Тұрақты жұмысым бар. Пробация қызметінің ұйымдастырған спорттық шараларынан қалмауға тырысамын. Салауатты өмір салтын да ұстанамын. Бір рет қателік жасадым деп өмірден түңіліп кетуге болмайды. Жасаған қателігім өзіме сабақ болды. Ендігі жерде ата-анамның үмітін ақтап, отбасын құрып, жеке кәсіп ашсам деген ниетім бар»,-деді есептегі азамат .

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: