Сенбі, 04 мамыр, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі  үш  азаматшаға қайырымдылық көмек көрсетілді

20.02.2023

477 0

Жалағаш аудандық пробация қызметі мен Жалағаш аудандық жұмыспен қамту бөлімі бірлесіп, қасиетті жұма күні пробация қызметінің есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы есептегі үш азаматшаға көмек көрсетті. 

 «Бүгінгі таңда Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебінде 38 сотталған есепте тұр. Алдағы уақытта есепте тұрған тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға өз кезегімен азық-түлікпен және киім-кешектермен көмек көрсетілетін болады»,-деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры А.Сақыбеков.

«Жалағаш аудандық пробация қызметі мен Жалағаш аудандық жұмыспен қамту» бөлімдері бірлесіп әрдайым рухани демеу беріп, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үздіксіз көмек көрсетеді. Пробация қызметі тарапынан  бізге әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, медициналық т.б көмектер беріледі  »,- деді есептегі азаматша.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: