Жексенбі, 05 мамыр, 15:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Профилактика апталығы» іс –шарасы аясында саяжай алқаптарында рейд жүргізілді

07.02.2023

656 0

Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері «Профилактика апталығы» іс –шарасы аясында қала маңындағы саяжай учаскелеріне («ПМК-29», «ПМК-66», «Қосшыңырау», «Талсуат») рейдтік тексерулер жүргізді.

Аталған іс-шараға 50 қызметкер және 10 автопатруль жұмылдырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, отбасы – тұрмыстық қарым –қатынастар саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.Аталған саяжайларда полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізді. ІІО-да есепте тұратын тұлғалар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Іс – шара аясында елді мекенге қарасты 465 мекен – жәй тексерілді.

Жүргізілген тексеру барысында 17 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: отбасы-тұрмыстық қатынастарды бұзу – 2, қоғамдық орында спирт ішімдігін ішу – 3 ,абаттандыру қағидаларын бұзу – 19, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру – 1 дерегі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: