Бейсенбі, 28 наурыз, 21:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қалада жол көлік оқиғалары азайған

07.02.2023

796 0

Бұл туралы бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда ҚПБ бастығы полиция полковнигі Әбдібек Жаназаров баяндады.

Полицияның қызмет атқару аймағы бойынша қала үш аймаққа бөлінген. Яғни, облыс орталығы және Ақсай, Тасбөгет полиция бөлімдерінің аймақтары. Сонымен қатар, қалаға қарасты 8 елдімекенде 8 учаскелік инспекторы мен 4 көмекші қызмет атқаруда.

– Бүгінде «102» арнасы арқылы тәулігіне 150-ден астам әр түрлі хабарламалар тіркеледі. Тіркелген қылмыстың 38 пайызын ұрлық, 26 пайызын алаяқтық қылмыстары құрап отыр. Өткен жылы қала көлемінде криминогендік ахуалды сауықтыру бағытында 12 айда жекелеген қылмыс түрлерінің алдын-алуға байланысты «Пәтер», «Қару», «Мал ұрлаушы», «Автоұрлық», «Аккумулятор» «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мереке күндері, сенбі, жексенбі күндері ахуалы күрделі деген 50 шақты кафе-барларға қосымша қызметкерлер қойылды. Соның нәтижесінде әр түрлі әкімшілік құқық бұзғаны үшін 162 369 азаматқа әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деді Әбдібек Сламбекұлы.

Облыс орталығында басқармаға қарасты жедел басқару орталығымен бақыланатын 272 бейнебақылау камералары орнатылған. Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен септігін тигізіп келеді. Мәселен, осы бейнебақылау камераларының көмегімен 12 айда 29 387 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, 136 қылмыс ашылған.Жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында да түрлі профилактикалық бағытта «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы», «Автобус» атты жедел профилактикалық іс-шаралар бірнеше реттен ұйымдастырылды. Нәтижесінде 12 айдың қорытындысымен орын алған жол көлік оқиғалары 2,8 пайызға төмендеген.

Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу бағытында «Жасөспірім», «Балалар қысқы демалыста», «Қауіпсіз мектеп», «Балалар түнгі қалада» атты жедел профилактикалық шаралар ұйымдастырылып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: