Бейсенбі, 02 мамыр, 10:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қарағандыда әйел екі баласын өлтірді деген күдікке ілінді

05.04.2024

414 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді. Жантүршігерлік қылмыс Бұқар жырау ауданына қарасты шағын ауылдардың бірінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі 2 және 4 жастағы балалар зорлық-зомбылық белгілерімен табылғанын мәлімдеді.

Ауыл тұрғындары анасы балаларын тұншықтырып өлтіргенін айтады. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. 

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

«4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпаратты жариялауға болмайтынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: