Бейсенбі, 28 наурыз, 18:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазалы ауданында автодром салынады

29.07.2022

1243 0

Осыған дейін «Жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алу барысында облыс орталығынан шалғай жатқан Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындар үшін біршама қиындықтар бар еді.

Азаматтар дербес жүргізуші куәліктерін алу үшін екі кезеңнен тұратын теориялық және практикалық емтихан сынақтарынан өтулері қажет. Үміткерлерлер теориялық емтиханды бөлім ғимаратындағы арнайы кабинетте тапсырса, практикалық емтиханды автоматтандырылған электронды автодромда тапсыруы тиіс. Автодром стандарт талаптарына сай, диспетчер кабинетімен және арнайы құрылғылармен жабдықталуға міндетті. Қазіргі таңда, аталған автодром облыс бойынша тек Қызылорда қаласындағы Мамандандырылған бөлімінде орналасқан. Осыған байланысты, шалғай аудан тұрғындарынан бізге көптеген ұсыныстар түскен еді.

Биыл облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде электронда автодром алаңы салынбақ. Бұл үшін облыс бюджетінен 119 млн теңге бөлінді. Автодром құрылысын «Болашақ» ЖШС тамыз айында бастайды.

Жоба толық іске қосылған кезде Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласының азаматтары жүргізуші куәлігін алу үшін облыс орталығына келмей-ақ, Әйтеке би кентінде емтихан тапсырып, құжаттарына қол жеткізе алады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: