Жұма, 19 сәуiр, 17:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда мас адамдарды айықтыратын орындар өте аз – министр

18.10.2022

462 0

 Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елімізде мастарды айықтыратын орындар өте аз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күнделікті өмірде қылмыстардың көбі мас күйде жасалады. БОларды оқшаулау мәселесі әлі шешілген жоқ.»Еліміз бойынша 778 орынға арналған 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Бұл өте аз», – деді Ахметжанов үкімет отырысында. Мысалы, Өскеменде 20 төсек-орынға арналған бір ғана мекеме жұмыс істейді. Полицейлер жеткізген 7 мың құқықбұзушының 5 мыңы ғана орналастырылған. Сол сияқты Павлодарда 24 төсек-орны бар бір ғана мекеме бар. Ал Көкшетауда мүлде жоқ.»Жалпы еліміз бойынша 594 орынға арналған тағы 32 мекеме қажет», – деді ол. Айтуынша, мәжбүрлеп емдеуді қажет ететін созылмалы «маскүнемдер» үшін де төсек-орын тапшылығы бар. Еліміз бойынша бар-жоғы 20 ғана мамандандырылған наркологиялық мекеме жұмыс істейді. Бұл ретте, оларға азаматтарды жіберу процедурасы аса бюрократияға айналып кеткен. Ал, наркологиялық мекемелердің медицина қызметкерлері мен наркологтар тиісті шешім қабылдағысы келмейді. Нәтижесінде, полицейлер көбінесе бұл мәселемен тек өздері жүгіреді. Тіпті өзінің жеке қаражатын жұмсауға мәжбүр, деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: