Жұма, 10 мамыр, 16:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі

25.09.2023

445 0

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев брифинг барысында дактилоскопиялық тіркеуден 12 жасқа дейінгі балалардың өтпейтінін мәлімдеді. 

“Дактилоскопиялық тіркеу – саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Міндетті дактилоскопиялық тіркеу елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР барлық азаматтары және Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді. Саусақ іздерін алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлікті, паспортты, шетелдіктің елде тұруға ықтиярхатты және азаматтығы жоқ адамның куәлікті ресімдеуі кезінде жүргізілетін болады”, – деді спикер.

Оның сөзінше, бұл процедура азаматтардың шетелге шығуын жеңілдетіп, құжатты қолдан жасаудың алдын алады. Ал жеке мәліметтер озық технологиялармен қорғалады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: