Дүйсенбі, 15 шiлде, 19:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55-2065
13.07.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкері құрмет грамотасымен марапатталды

30.05.2023

599 0


Елімізде Қылмыстық – атқару саласында еңбек ететін қызметкерлер еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы беріледі. Олар қауырт қызметті қиынсынбай, уақытпен санаспай, абыроймен адал еңбек еткен жандар. Аталған салада абыройлы қызмет етіп жүрген Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі, әділет капитаны Амантаев Сержан Сейитханұлы ҚР ІІМ полиция генерал-полковнигі М.Ахметжановтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әділет капитаны Амантаев Сержан Сейитханулы ішкі істер органдарында 2007 жылдың сәуір айынан бастап, лауазымында 2017 жылдың сәуір айынан бастап қызмет атқарады.
Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқару кезінде ол өзін жақсы жағынан бастамашыл және талап қойғыш қызметкер ретінде көрсете білді, жақсы ұйымдастырушылық қабілеті бар.
Өз өкілеттік шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының және ішкі істер органдары қызметкерлерінің Әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Жас қызметкерлер мен мекемелердің жеке құрамының тәрбие жұмыстарына жоғары мән беріп, олардың тарапынан еңбек тәртібін бұлжытпай орындауларына, түрлі құқық бұзушылықтарға жол бермеулеріне баса назар аударады. Қызметтік мақсаттарды шешу кезінде принципиалды.
Жүктелген міндеттерді орындауда жоғары жауапкершілікпен қарайды, жеке бастамашылығымен және жоғары жұмыс қабілетімен ерекшеленеді.
Амантаев Сержан Сейитханулы мінезі бойынша жігерлі, табанды, мақсатқа талпынушы. Ұжымда жоғары құрмет пен беделге ие.
Отбасында 6 баланың әкесі.Үш ұлы, үш қызы бар. Үлкен ұлы «самбодан» спорт шебері кандидаты.
Қызметтік жұмыста қол жеткізген жетістіктері мен оң нәтижелері үшін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірнеше рет марапатталған.

Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес. Сондықтан қиын саладағы абыройлы қызметі үнемі жас қызметкерлерге дәріптелуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: